1 қыркүйектен бастап мектептерде «Конституция негіздері» пәні оқытылатын болады

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде жаңа міндетті оқу пәндері енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, өзгерістер жаңа Конституцияны жүзеге асыру аясында әзірленген.
«Жаңа оқу жылынан бастап білім беру жүйесі бірнеше жаңа оқу пәндерімен толығад. 5-7-сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні енгізіледі. Ал 8-11-сыныптарда «Заң және тәртіп» міндетті курсы оқытылады. Бұдан бөлек, 5–11-сынып оқушылары үшін «Жеке қауіпсіздік» міндетті курсы енгізіледі», – деді Сүлейменова.
Министрдің айтуынша, бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламасының мазмұны қайта қаралып жатыр.
«Әліппе» пәнін оқытуға 84 сағат бөлінді, ал «Ана тілі» пәні екінші жартыжылдықта оқытылады. Сондай-ақ, оқытуды қазақ тілінде алғаш бастайтын балалар үшін арнайы тілдік бейімдеу бағдарламасы енгізіледі», – деді Сүлейменова.
Сонымен қатар бірінші сынып оқушылары үшін бейімделу кезеңі енгізіледі, оқу жүктемесі азайтылып, білім берудің практикалық бағыты күшейтіеді. Бағдарламалар балалардың жас ерекшеліктеріне сай ыңғайланады.
Министр бұған дейін мектеп оқулықтар әр бес жыл сайын қайта жазылып, жаңарып отыратынын айтқан еді.