Алматыдағы сел қаупі: Наурызбай ауданының тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Наурызбай ауданының тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр
Наурызбай ауданының тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр / фото: ТЖД

Алматы қаласының Наурызбай ауданында таулы аймақта сел жүру қаупіне байланысты тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сел қаупінің күшеюіне байланысты Ақсай өзенінің арнасы бойындағы аумақтан тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

Олар уақытша аудан мектептерінің базасында ұйымдастырылған қабылдау пункттеріне орналастырылып жатыр.

Қазіргі уақытта ТЖД жанынан жедел штаб құрылып, азаматтық қорғау қызметтерінің барлық күші жұмылдырылды. Құтқару және көшіру шаралары жоспарлы түрде атқарылып жатыр, жағдай толық бақылауда«, – деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар, 8 (727) 279-22-32 нөмірі бойынша жедел желі іске қосылды. Қазіргі уақытта оған төрт қоңырау келіп түскен.

Бұған дейін Алматы тұрғындарына шұғыл эвакуация туралы хабарлама жіберілген еді. ТЖД ауа райы тұрақталғанға дейін Іле Алатауы тауларына барудан және демалыстан уақытша бас тартуды ұсынды.

Синоптиктердің болжамынша, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын күтіледі. Соның салдарынан сел жүру қаупі туындауы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз