Дастан Сәтбаевтың «Челсидегі» алғашқы сәттері жарияланды

Лондондағы «Челсидің» Кобхэмдегі базасында түскен қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаевтың алғашқы фото-видеолары жарияланды.
«Қайрат» клубының иесі Қайрат Боранбаев онымен кездесіп, бірге суретке түскен.
Боранбаевтың айтуынша, Дастанның көңіл күйі көтеріңкі, ол жаңа командадағы жұмысына толықтай ден қойған. Қазақстан чемпионатының қызған шағында өнер көрсеткендіктен, футболшы Лондонға жақсы физикалық дайындықпен келген. Бұл оның жаңа ортаға тез бейімделуіне мүмкіндік береді.

Ол сондай-ақ қазақстандық жас футболшылардың еуропалық алпауыт клубтарда ойнауға толық мүмкіндігі бар екенін айтып, Дастанның жолы мыңдаған жасөспірімге шабыт береді деген сенім білдірді.
Сонымен қатар, The Athletic басылымының мәліметінше, бас бапкер Хаби Алонсо Дастан Сәтбаевқа негізгі құрамның маусым алдындағы дайындығында мүмкіндік бермек.
Басылымның жазуынша, трансфер туралы ресми хабарлама 12 тамыздан кейін жарияланады. Себебі ФИФА ережесіне сәйкес, келісімшарт футболшы 18 жасқа толғаннан кейін ғана заңды күшіне енеді.
Дастан Сәтбаев 27 маусымда Лондонға анасымен бірге аттанған.
Айта кететін жайт, Дастан Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанып отыр.