Қазақстан банктері қолма-қол рубль қабылдағаны үшін 5% комиссия ұстай бастады

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
рубль
Фото: kursiv.media

Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдер Ресей рубльін банк шотына салу талабын қатаңдартты. РБК басылымының дерегінше, Қазақстан, Қырғызстан және Беларусь банктері қолма-қол рубль қабылдау үшін 5%-ға дейін комиссия енгізсе, Арменияның кейбір қаржы институттары ресейлік қолма-қол ақшаны қабылдаудан мүлдем бас тартқан.

Оған жергілікті аумақта рубль қолма-қол ақша массасының шамадан тыс көбейіп кеткені және деген сұраныстың төмендігі себеп болып отыр.

Бұл үрдіс Беларусь нарығында ерекше қарқын алды. Онда жұмыс істейтін сегіз бірдей ірі банк бейрезиденттердің ағымдағы шоттарына қолма-қол рубль салғаны үшін 2%-дан 5%-ға дейін комиссия бекітті.

Бұған екі ел экономикасының тығыз интеграциялануы аясында қолма-қол ақша ағынының күрт артуы түрткі болған. Дегенмен, жергілікті банктерге мұндай үлкен көлемдегі қолма-қол рубльдің қажеті шамалы.

Қазақстанда «Центркредит Банкі» (БЦК) де ұқсас қадамға барып, бейрезиденттер үшін касса мен банкоматтар арқылы қолма-қол рубль қабылдауға 5% көлемінде комиссия енгізді.

Банктің қолдау қызметі елде «артық рубль массасының» жиналып қалғанын және оны инкассациялау мен айырбастау шығыны көп екенін растап отыр.

Қырғызстанда да жағдай осыған ұқсас: «Экоисламикбанк» қолма-қол рубль өткізу және SWIFT жүйесі арқылы аударымдар жасау үшін 5% комиссия белгіледі. Ал Арменияда мұндағы кейбір банктер қолма-қол рубльді шотқа қабылдау және онымен байланысты операцияларды толықтай тоқтатқан.

Шектеулердің тек қолма-қол ақшаға қатысты. Өйткені қолма-қол ақшасыз (безналичный) есеп айырысу бұрынғы тәртіппен, ешқандай кедергісіз жүріп жатыр.

Ресейліктердің қолма-қол қаржыны шетелге тасымалдап, жергілікті банктерге орналастыруына Ресейдің өзінде қолма-қол ақшамен жасалатын операцияларға бақылаудың күшейтілуі түрткі болуы мүмкін.

Қазақстанда кейінгі екі жылда рубльге деген сұраныс қатты төмендеген. Халық қолдбар валютасын айыртасбау алуға ұмтылады.

Сондай-ақ оқыңыз