Парламент ғимаратындағы Мәжіліс атауын алып тастап жатыр

Парламент ғимаратындағы Мәжіліс пен Сенат атауы алынып тасталды деп жазады Kursiv Media.
Жұмысшылардың Парламент ғимарат сыртындағы «Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісі» деген жазуды алып жатқан суреттері желіге тарады. Дәл солай «Қазақстан Республикасы Парламенті» деген жазуды да ғимарат маңдайшасынан алып тастаған.

Бірінші шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Ата Заң бойынша, Сенат жойылып, бір палаталы парламент «Құрылтай» деп аталатын болады. Құрылтай 145 депутаттан тұрады. Бәрі пропорционалдық жүйемен, яғни партиялық тізіммен сайланады. Құрылтай депутатының өкілеттілік мерзімі – 5 жыл.
30 маусымда Парламент қос палатасының соңғы бірлескен отырысы өткен. Ол жерге Тоқаев келіп қатысып, депутаттарға алғыс айтты. Мәжіліс пен Сенаттың отыз жылдық жұмысына уақыт талабына тез бейімделіп, қоғам сұранысына жауап бере алатын жасампаз құрылым деп баға берді.