Қазақстан үкіметі биыл инфляцияны 10 пайыздан асырмауға ниетті

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан үкіметі биыл елдегі инфляция деңгейін 10 пайыздан асырмауға ниетті. Маусымдағы инфляция көрсеткіші 10,3 пайызды құраған. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Министр өз баяндамасында азық-түлік тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің нақты қаншаға қымбаттағаны туралы егжей-тегжей мәліметтерді атап өтпегенімен, жалпы инфляциялық процестердің бәсеңдегенін жеткізді. Оның айтуынша, биыл Үкіметтің алдында үлкен міндет тұр: ол – инфляция деңгейін 10%-дан төмен түсіру.

Серік Жұманғарин инфляцияның 10,3%-ға дейін баяулауын мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесі деп түсіндірді.

«Бұл 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру бағдарламасы, инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешені және басқа да қабылданып жатқан шаралар аясындағы Үкіметтің, Ұлттық банктің және ҚНРДА-ның келісілген іс-қимылдарының нәтижесі»,- деді ол.

Оның айтуынша инфляцияны ауыздықтау үшін елде теңгерімді тариф саясаты жүргізіліп жатыр. Жыл басында коммуналдық қызмет пен жанармай бағасын өсіруге мараторий жарияланғаны белгілі.

Дегенмен Қазақстан әлемдегі инфляциясы жоғары 20 елдің қатарында тұр. Өйткені елде азық-түлік қымбат. . Бұған дейін Халықаралық валюта қорының сарапшылары Қазақстанда инфляция деңгейін төмендету үшін мемлекет шығынын шектеу қажет деген кеңес берген.

Сондай-ақ оқыңыз