Қазақстанда ЖИ кадрларын дайындайтын Qazaq AI Research University ашылады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото ЖИ арқылы жасалған

Қазақстанда ЖИ кадрларын дайындайтын Qazaq AI Research University іске қосылады. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

«Биыл Qazaq AI Reasearch University жасанды интеллект саласындағы кадрларды даярлаудың негізгі орталықтарының бірі болады. Ғылым және жоғары білім министрлігі Жасанды интеллект министрлігімен бірлесіп, аталған мәселені ерекше бақылауда ұстауы керек»,- деді ол.

Одан бөлек «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасын жүзеге асыру үшін шетелдік инвестиция тартуға тапсырма берді.

«Мемлекет басшысы өз сөзінде «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасын қолға алудың мәні зор екенін атап өтті. Қазіргі уақытта негізгі шешімдер қабылданып, базалық инфрақұрылымның құрылысы басталды. Жасанды интеллект министрлігі «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп, жобаға шетелдік капитал тарту қарқынын арттыруы қажет», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бектенов айтқан Qazaq AI Research University елдегі алғашқы ЖИ университет емес. Бұған дейін ғылым министрі Саясат Нұрбек AI-Enabled University индустрия университеті  ашылатынын хабарлаған еді. Бұл оқу орны барлық процестерге жасанды интеллектіні енгізбекші.

.

Сондай-ақ оқыңыз