Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтетін болды – Тоқаев жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» жарлыққа қол қойды.
Президент қаулысында Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалғаны көрсетілген.
Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастыру тапсырылып отыр.
Үкіметке, Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараны кідіріссіз қабылдау бұйырылған.
Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан президенті жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жариялады. Ол бүгіннен бастап ел тарихында жаңа дәуір басталғанын атап өтті.