Құрылтай сайлауы: ОСК үгіт-насихат мерзімін бекітті

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді / Фото: kursiv.media, Асқар Ахметуллин

Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтеді. Сайлауға кандидаттарды тіркелген саяси партиялар ғана ұсына алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман айтты.

Сөзінше, науқан 54 күнге созылады. Оның ішінде кандидаттарды 2 шілдеден 13 шілдеге дейін ұсынуға болады.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат 23 шілде 18:01-де басталып, 22 тамыз 00:00-ге дейін жалғасып, жалпы 29 күнге созылады.

22 тамыз тыныштық күні.

23 тамыз сайлау күні.

Дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы толтыру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.

Құрылтай депутаттары сайлауының нәтижесі 10 күн ішінде шығады.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» жарлыққа қол қойды.

Сондай-ақ оқыңыз