Құрылтай сайлауындағы партиялардың сайлау қорлары үш есе өседі

Саяси партиялардың Құрылтай сайлауы бойынша сайлау қорларының шекті мөлшері ұлғаяды, бұл ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ұсынылған материалдардан белгілі болды.
ОСК мүшесі Әсел Жанабілова кандидаттарды және саяси партиялардың үгіт-насихат жұмыстарын қаржыландыру сайлау қордары арқылы жүзеге асырылатынын атап өтті.
«Бұл түбегейлі маңызды талап, өйткені бұл аталған қаражаттың қайдан алғанының ашықтығын, бақылауды, сондай-ақ сайлау процесіне қатысушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Заңмен қордан тыс қаржыландыруды тартуға, сондай-ақ, материалдық көмек қабылдауға тыйым салынады. Басқаша айтқанда, үгіт-насихатқа жұмсалатын барлық шығыстар заңмен белгіленген механизм арқылы өтуі тиіс», – деді ол.
Жанабілованың айтуынша, сайлау қорлары саяси партиялардың өз қаражатынан, сондай-ақ ҚР азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырымдылық жарналарынан құралады.
«Сайлау қорының шекті мөлшері үш есеге өсті», – деп хабарлады ОСК мүшесі.
ОСК мәліметтеріне сәйкес, саяси партияның сайлау қорындағы өз қаражатының мөлшері 5000-нан 15 000 ЕТЖ-ға (ең төменгі жалақы) дейін ұлғаяды. ЕТЖ 85 мың теңге болғанда, бұл 1,275 млрд теңгеге дейінгі соманы құрайды.
Сондай-ақ, ерікті қайырымдылық жарналардың шекті мөлшері де 10 000-нан 30 000 ЕТЖ-ға дейін көтеріледі. Ақшалай баламада бұл 2,55 млрд теңгеге дейін жетеді.
Бұдан бөлек, жеке және заңды тұлғалар үшін қайырымдылық жарналардың лимиттері де өседі. Жеке тұлға үшін шек 100-ден 300 ЕТЖ-ға, немесе 25,5 млн теңгеге дейін көтеріледі. Заңды тұлға үшін – 500-ден 1500 ЕТЖ-ға, немесе 127,5 млн теңгеге дейін ұлғаяды.

ОСК материалдарында атап өтілгендей, өзгерістердің мәні – қаражат көздерін бақылауды сақтай отырып, науқанның қаржылық мүмкіндіктерін күшейтуде болып табылады.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауын 2026 жылғы 23 тамызға тағайындау туралы жарлыққа қол қойған еді. Осыдан кейін ОСК сайлау науқанының күнтізбелік жоспарын бекітті. Сондай-ақ, сайлаушылар саны 12 561 644 адамға дейін өскенін хабарлады. Бұл Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумдағыдан 99 848 адамға артық.