Банк пен қаржы

Ұлттық банк мамырда биржадан 92 млн доллар сатып алды

Ұлттық банк мамырда биржадан 92 млн доллар сатып алды / фото: kursiv.media

Ұлттық банк мамыр айында биржалық сауда-саттықта 95 млн доллар сатып алды, деп хабарлайды қаржы институтының баспасөз қызметі.

«БЖЗҚ-ның зейнетақы активтеріндегі валюталардың үлесін тұрақты ұстап тұру үшін Ұлттық Банк маусым айында биржадағы сауда-саттық кезінде шетелдік валюта сатып алды. Оның жалпы сомасы 92 млн АҚШ долларын немесе жалпы сауда-саттық көлемінің 1,2%-ға жуығын құрады», – делінген хабарламада.

Алдағы шешімдер зейнетақы активтерін инвестициялық басқару аясындағы нарықтық жағдайды ескере отырып қабылданатын болады, деп толықтырды Ұлттық банк.

Маусым айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1,3%-ға нығайып, бір доллар үшін 479,98 теңгені құрады. Қазақстан қор биржасындағы бір күндік орташа сауда-саттық көлемі бір айда 392 млн доллардан 369 млн долларға дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 8,1 млрд долларды құрады.

«Жыл бойы бюджеттік түсімдер мен шығыстардың біркелкі болмайтынын ескере отырып, 2026 жылғы маусымнан бастап Қаржы министрлігіне берілетін трансферттер республикалық бюджеттің нақты қажеттілігіне қарай бөлінеді. Бұл тетік Ұлттық қордан сатылатын трансферттердің жалпы көлемі валюта нарығында Ұлттық Банк тарапынан жыл соңына дейін біркелкі қалыпта «айналанатынын» көрсетеді», – деп атап өтті Ұлттық банк.

Осы мақсатта Ұлттық банк маусым айында Ұлттық қордан 460 млн доллар сатып алды, бұл қаражат ішкі валюта нарығында жыл соңына дейін біркелкі өткізіледі.