ExxonMobil Қазақстандағы мұнай-газ жобаларын одан ары дамытуға ниетті

ExxonMobil компаниясы Қазақстанда мұнай-газ жобаларын ары қарай дамуға ниетті. Бұл жайында ExxonMobil Upstream компаниясының президенті Дэн Амман ҚР премьер-министрі Олжас Бектеновпен кездеуі барысында мәлімдеген.
Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, қос тарап өзекті ынтымақтастық мәселелері және мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын, сондай-ақ инвестиция салу мәселесін талқылаған.
«Дэн Амманн ExxonMobil компаниясының Қазақстандағы қызметінің келешегіне қатысты жоспарларын ұсынып, компанияның еліміздің мұнай-газ саласындағы ұзақмерзімді қатысуын сақтауға ниетті екенін растады», – делінген хабарлама.
Жиын барысында заманауи технологияларды енгізу, өндірістік процестердің тиімділігін арттыру және геологиялық барлау жұмыстарын дамытуға көңіл бөлінген.
ExxonMobil – Қазақстан энергетикасына 1993 жылдан бері инвестиция салып келе жатқан ірі америкалық корпорация. Компания елдегі екі ірі мұнай кен орнын игеруге және оны тасымалдауға қатысады.
ExxonMobil «Теңізшевройл» жобасының 25% үлесіне ие. Бұл компания Атырау облысындағы «Теңіз» және «Королев» кен орындарынан мұнай өндіреді. Сонымен қатар корпорация меншігінде Каспий теңізіндегі Қашаған кен орнын игеретін NCOC консорциумында 16,81% үлес бар.
Одан бөлек, ExxonMobil өндірілген мұнайды шетелге шығаратын Каспий құбыр консорциумының (ҚҚК) 7,5% акциясына ие. Бұл құбыр Теңіз бен Қашаған мұнайын Қара теңіз портына дейін жеткізеді.
Каспий Кұбыр Концорциумына қатысты жағдай қазір инвесторларды алаңдатып отырғаны анық. Өйткені өткен айда бірнеше рет дрон түсіп, КҚК-нің Қара теңіздегі терминалы танкерлерге мұнай тиеуді уақытша тоқтатқан.