Әбдіжаппар Әлқожа Ташкент пен Нүкісте концерт береді

Жарияланды 2 Шілде 2026 15:35

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
фото: instagram.com/abdizhappar_alkozha бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев
фото: instagram.com/abdizhappar_alkozha бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Қазақстандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа  Өзбекстанның және Қарақалпақстанның астаналарында ғаламат концерт бермек.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік парақшасында жариялап, өзбекстандықтарды өнерін тамашалауға шақырды.

«Ассалаумағалейкум, Өзбекстан, Қарақалпақстан! Жағымды жаңалығымды баршаңызға жылдам бөліскім келіп отыр. Өйткені, Алғашқы рет өз өнерімді Өзбекстандағы Ташкент пен Нүкістегі концерттерім өтеді», – деп сүйінші сұрады Әбдіжаппар Әлқожа.

Хабарлауынша, 14 тамызда Ташкент қаласы Түркістан сарайы Жазғы алаңында жеке шығармашылылығы – жанды дауыстағы ән кеші болады.

«Ұлықбек Қадиров және кеш қонақтары бар. Өздеріңіз үшін шынайы, жаңаша кешті дайындап отырмыз. Баршаларыңызды сағына жақсы көріп, күтеміз», – деді әнші.  

Ал қарақалпақстандықтарды 16 тамызда Нүкіс көркем өнер сарайында кеште күтпек.

«Ол жерде де Ұлықбек Қадиров, Мақсат Өтемұратов ағаларымыз болады. Үлкен ғаламат концерттен қапы қалмаңыздар. Сіздер үшін барымызды, жанымызды салып, әдемі кеш жасаймыз. Күтеміз», – деді Әбдіжаппар Әлқожа.  

Мұның алдында Әлқожа мен Бесбаев «Реал Мадрид» ойыншыларына еліктеп видео түсірген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз