Әлем чемпионаты: Англия, Бельгия және АҚШ 1/8 финалына шықты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Англия, ДР Конго, чемпионат мира, футбол, Харри Кейн
U.S. – July 1, 2026 England’s Harry Kane celebrates scoring their first goal with Jude Bellingham and Anthony Gordon REUTERS/Bernadett Szabo

Футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде кезекті ойын күні аяқталды. Англия құрамасы Конгоның қысымына төтеп берсе, Бельгия мен Сенегал ойыны драмаға толы болды. Ал турнир қожайыны АҚШ құрамасы Босния және Герцеговинаны айқын басымдықпен жеңіп, жарысты сенімді жалғастырды.

Англия Конгоның қысымына шыдады

Ойын күнінің алғашқы жолдамасын Англия құрамасы Конгоны ДР 2:1 есебімен қапы қалдырып, 1/8 финалға шықты. Алайда жеңіс фавориттер үшін оңайға соқпады.

Кездесу ағылшындар үшін сәтсіз басталды. Ойынның 7-минутында-ақ Конго футболшысы Сипенга есеп ашып, африкалық ұжымды алға шығарды. Бірінші таймда Англия құрамасының ойыны жүрмей, есепті теңестіре алмады.

Алайда екінші таймда Англияның бас бапкері ойыншыларды алмастырып, ойын өрнегін өзгертті. Матчтың 75-минутында Энтони Гордонның пасынан кейін Хәри Кейін есепті теңестірді (1:1); Көп ұзамай 86-минутта тағы да Гордонның ассисттігімен екінші голды соғып, командасына маңызды жеңісті сыйлады.

Конго ДР соңғы минуттарға дейін барын салып, қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, Англия қорғанысы қысымға төтеп берді. 1/8 финалда Англия құрамасы биылғы мундиалдың қожайындарының бірі Мексика командасымен Мехико қаласында кездеседі.

Бельгия мен Сенегал

Ең жарқын әрі тартысты матч Бельгия мен Сенегал арасында өтті. Жоғары жылдамдық, допқа талас пен қауіпті сәттер соңғы минуттарға дейін шиеленісті жоғары деңгейде ұстап тұрды.

Африкалықтар еуропалық грандпен тең ойнады, тіпті бірінші таймда 2:0 есебімен алға шыққан еді. Бірақ шешуші сәттерде бельгиялықтардың салқынқандылығы мен дәлдігі рөл ойнады. 3:2 есебімен жеңіске жеткен Бельгия плей-оффтың алғашқы сатысындағы ең үздік матчтардың бірін өткізді.

АҚШ өз алаңындағы артықшылықты сәтті пайдаланды

Өз алаңында жоғары жетістікке жетуді көздеген АҚШ құрамасы Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен сенімді түрде ұтты. Америкалықтар мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білді.

Енді 1/8 финалда турнир қожайындарын үлкен сынақ күтіп тұр. Олар ширек финал жолдамасын Бельгия құрамасымен сарапқа салады.

Құрамалардан кімдер қалды?

3 шілдеге қараған түні футболсүйер қауымның назары 1/16 финалдың соңғы ойын күніне ауады. Соңғы үш жолдама үшін келесі жұптар бақ сынайды:

  • Испания – Аустрия
  • Португалия – Хорватия
  • Швейцария – Алжир

Осы кездесулерден кейін 1/8 финалдың толық кестесі түзіліп, әлем чемпионаты өзінің ең қызған шағына аяқ басады. Еске сала кетейік, бұған дейін 1/8 финалына Бразилия, Канада, Норвегия, Франция, Марокко, Парагвай құрамалары өткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз