Lifestyle

Айдар Тұрғамбектің жаңа әнін алғаш тыңдаған анасы жылап қалды

instagram.com/aidar_turgambek, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
instagram.com/aidar_turgambek, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қазақстандық әнші Айдар Тұрғамбектің «Сырғалым» атты жаңа әнін алғаш тыңдаған анасы көзіне жас алды.

Ән ұзатылып жатқан аруларға деген қимастық сезімді көрсетеді. Сондықтан құтты қонысына қондырған қыздарына деген сағыныш Айдардың анасын қатты толқытқан.

Әншінің анасы осы әннің авторына арнайы ризашылығын білдіруді жөн көрді.

«Сара Жүнісбекке рахмет айтамын. Сара, Алла жар болсын, жаным. Керемет ән жазыпсың. Сөзі де әні де үйлесімді. Қазір естіп, бір жылап алдым. Мен де қыз деген жетеді. Солар есіме түсіп, жылап алдым. Әні де, сөзі де керемет», – деді әншінің анасы.

Айдар Тұрғамбектің сөзіне қарағанда, «Сырғалым» атты ән кеше ғана шыққан. «Анама қатты ұнады, сіздерге де ұнайды деп ойлаймын» дейді әнші тыңдармандарына.

«Әлі өксігін баса алмай отыр. Ән ғой деп түсіндірсеңдерші», – деп анасын жұбатуға шақырды әнші Еркін Нұржанов.

Айта кететін жайт, «Жігіттер» тобындағы Айдар Тұрғамбектің әкесі ұлының ұрлығын ашып берген еді.