Экономика

Alatau City Bank мемлекетке тағы 125,3 млрд теңгені қайтарады

Alatau City bank мемлекет алдында қарызын өтеуде / фото: AFK.KZ

Қазақстандағы ең бай кәсіпкерге тиесілі Alatau City Bank мемлекеттен алған көмектің тағы бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтарады. Сома – 125,3 млрд теңге.

Банк директорлар кеңесі мұндай шешімді 2026 жылғы 29 маусымда қабылдаған. Қаражат банктерді қолдау бағдарламасы аясында бұрын шығарылған облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алу арқылы қайтарылады.

Бұл – Alatau City Bank-тің мемлекет алдындағы міндеттемесін азайтуға бағытталған кезекті қадамы. Бұған дейін банк 150 млрд теңгені мерзімінен бұрын қайтарған еді.

Соған қарамастан, Alatau City Bank әлі де мемлекет алдындағы ең ірі борышкерлердің бірі болып қала береді. Жыл басындағы мәлімет бойынша, банктің мемлекет алдындағы міндеттемесі шамамен 950 млрд теңге болған. Енді 125,3 млрд теңге қайтарылғаннан кейін бұл сома айтарлықтай қысқарады.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының бұрынғы орынбасары Берік Шолпанқұлов Ұлттық банк пен Alatau City Bank арасында келісім бар екенін айтқан. Оның сөзінше, банк мемлекетке жыл сайын белгілі бір көлемде қаражат қайтарып отыруы керек, бұл сома алдын ала келісілген.

Тағы да оқыңыз: Қазақстан банктері 5 айда қанша табыс тапты.