АҚШ қазақстандықтарға виза беру кезінде қандай факторларға мән береді

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
АҚШ қазақстандықтарға виза бермеудегі себептерді атады
АҚШ қазақстандықтарға виза бермеудегі себептерді атады / фото: shutterstock

АҚШ-тың Бас консулы визалық сұхбаттың қалай өтетінін, виза беру туралы шешімге қандай факторлар әсер ететінін айтып берді.

Бас консулдың сөзінше, визалық сұхбат әдетте 2-3 минутқа ғана созылады, өйткені консулдық қызметкерлері күн сайын көптеген өтініш берушіні қабылдайды.

Виза беру туралы шешім, ең алдымен, үміткердің өзімен бірге ала келген құжаттарына емес, сұхбат кезінде берген жауаптарына негізделіп қабылданады.

Консулдың айтуынша, көбісі анықтамалар мен үзінді көшірмелер шешуші рөл атқарады деп ойлайды, алайда сұрақтарға шынайы жауап беріп, дұрыс ақпарат ұсыну әлдеқайда маңызды.

«Сонымен қатар егер консулдық қызметкерін алдауға тырыссаңыз немесе жалған құжат көрсетсеңіз, виза берілмейді. Сонымен қатар, бұл қадам АҚШ-қа өмір бойына кіруге тыйым салуға себеп болуы мүмкін», – деді Бас консул.

Биыл қыста АҚШ 75 елдің азаматына виза беруді тоқтатты. Ол елдердің қатарында Ресей, Ауғанстан, Бразилия, Мысыр, Иран, Ирак, Йемен, Нигерия, Сомали, Таиланд тәрізді мемлекеттер кірген

Сондай-ақ оқыңыз