Астана әуежайында тұрақ бағасы қымбаттайды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Тұрақ бағасы қымбаттайды/Серикжан Ковланбаев, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Астана халықаралық әуежайында тұрақ бағасы қымбаттайды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2026 жылдың 1 тамызынан бастап Астана халықаралық әуежайындағы қысқа мерзімді автотұрақ қызметінің тарифтері өзгереді.

Жаңа тариф бойынша тұрақ ақысы сағатына 300 теңге болады, бұл қазірге тарифтен 100 теңгеге қымбат. Әуежай тұрақ тарифі 2023 жылдан бері өзгермегенін еске салды.

«Азаматтардың кей санаты үшін қолданыстағы жеңілдіктер сақталады. I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері, сондай-ақ Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардың салдарын жоюға қатысушы мәртебесі бар азаматтар автотұрақ ақысын төлеуден босатылады», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Қазақстан авиациялық қауіпсіздік деңгейі бойынша әлемдегі үздік 20 мемлекеттің қатарына кірді.

Сондай-ақ оқыңыз