Lifestyle

Шатырдан жауған жаңбыр: Қытай ыстықтан тез құтылу амалын тапты (видео)

Шатырдан жауған жаңбыр. Қытайдың Шаньси провинциясындағы тұрғын үй
Жасанды жаңбыр аптап ыстықтан құтқарады / фото: X/Mao Ning

Қытайдың Юньчэн қаласы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Өйткені Шаньси өлкесінің орталығындағы тұрғын үйлердің шатырынан жасанды жаңбыр жауып тұр.

Шатырдан аққан су тамшылары ауада тез буланып, жылу қуатын сіңіреді. Соның арқасында ауа температурасы бірнеше минуттың ішінде 5-8°C-қа төмендейді.

Озық технологиялар жетістігіне Қытай үкіметі де назар аударып, көрші елдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин әлеуметтік желіге видео жариялады. Ол вирус боп тарады.

Әлеуметтік желі қолданушылар, әсіресе, кейінгі уақытта ыстықтан қатты зардап шеккен еуропалықтар соны әдісті мақтап жазып жатыр. Сын айтушылар да жоқ емес. Мәселен, кейбірі мұндай әдістен су ысырап болады деп есептейді.

Алайда жасанды жаңбыр жаудыру әдісі, үйдегі салқындатқышқа қарағанда, қуатты аз жұмсайтынын айта кеткен жөн. Құрғақ климатқа өте қойлайлы әдіс. Шаньси құрғақ аймақ болғандықтан, су тез буланып, жерді лайламайды.

Естеріңізге сала кетейік, кейінгі бірнеше күнде Еуропада 45 градус ыстық болып, адам шығыны көбейген.