Венесуэладағы жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 2000-нан асты

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Венесуэладағы жер сілкінісі
Венесуэладағы жер сілкінісі / фото: Reuters

Венесуэладағы жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 2295-ке жетті, 11 мыңнан аса адам зардап шеккен. Венесуэла президенті Делси Родригес жеті күндік аза тұту жариялады.

Құтқарушылар қирандылар астынан 6461 адамды құтқарып үлгерген. Әлі де жүздеген адам із-түссіз жоғалды деп танылды.

Мамандардың дерегінше, 24 маусымдағы жер cілкінісінен кейін аймақта тағы 782 жер асты дүмпуі тіркелген.

«Соңғы екі күнде дүмпудің жиілігі азайды. Бірақ қауіп толығымен сейілді деп айтуға ерте», – дейді жергілікті билік.

Баспанасыз қалған адамдар үшін зардап шеккен аудандарда 25 лагерь ашылды.

Соңғы мәлімет бойынша, зілзаладан 58 мыңнан астам үй мен ғимарат қираған болуы мүмкін.  АҚШ геологиялық қызметі Венесуэладағы зілзала құрбандарының саны 10 мыңнан асуы мүмкін деп болжап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз