Жас баланы жерге алып ұрған алматылық ұсталды (видео)

Алматы полицейлері тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағында балаға күш қолданған ер адамды ұстап, қамауға алды.
Оқиға балалар алаңында болған және бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда ер адамның балаларға жақындап келіп, олардың бірін қатты итергені көрінеді. Салдарынан бала дене жарақатын алған.
«Анықталғандай, күдікті осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға балалардың ойын кезінде шыққан жанжал себеп болған. Осыдан кейін ер адам мәселені өз бетінше шешпек болған», – делінген полиция мәліметінде.
Қазіргі таңда балаға дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Мұның алдында Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталған болатын.