Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі жолда қозғалыс уақытша шектелуі мүмкін

Алматыда Медеуден «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейінгі жолдың жекелеген учаскелерінде инженерлік желілердің құрылысына байланысты қозғалыс уақытша шектелуі мүмкін, деп хабарлады қала әкімдігі.
Жүргізушілер мен туристерге бағытты алдын ала жоспарлау және арнайы техниканың жұмысын ескеру ұсынылды.
Жұмыстар Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша жүргізілуде. Учаскеде 5,7 км орташа қысымды газ құбырын және 2,7 км су бұру желісін салу жоспарлануда.
Әкімдіктің мәліметінше, жаңа желілер Медеуден Шымбұлаққа дейінгі жолдың бойында орналасқан нысандар үшін, соның ішінде тау шаңғысы курортының аумағы үшін қажет.

Мердігер құрылыс-монтаждау жұмыстарына кірісіп кетті. Қазіргі уақытта мамандар газ құбырының алғашқы учаскелерін монтаждап, су бұру желілерін салып және темірбетон құдықтар орнатуда.
Инженерлік желілердің құрылысын 2026 жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Ведомствоның мәліметінше, табиғи ландшафтты сақтауға және қоршаған ортаға әсерді азайтуға ерекше көңіл бөлінуде.
Айта кетейік, осыған дейін «Медеу» спорт кешенінің автотұрағы жарты жылға жабылатынын жазған едік.