Астанада «Жілік сындырудан» ел біріншілігі өтеді

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Жілік сындыру жарысы
Жілік сындырушы жігіт / фото: Астана әкімдігі

4 шілдеде Астана қаласында қазақ халқының көне ұлттық сайыстарының бірі – «Жілік сындырудан» республика чемпионаты өтеді. Жарыс елорда күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, байрақты бәсекеге Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының, сонымен бірге Астана қаласының спортшылары қатысады. Бұдан бөлек, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Қарулы күштерінің командалары да өзара мықтыны анықтайды.

Әртүрлі жас санатындағы қатысушылар күш-қайраты, төзімділігі мен шеберлігін сынға салады.

«Жілік сындыру» – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқының көне ұлттық сайыстарының бірі. Мақсат – тек қолдың күші мен дұрыс әдіс-тәсілді пайдалана отырып, жілікті сындыру. Бұл дода қатысушылардан зор күш-қуатты, төзімділікті және жоғары дайындықты талап етеді.

Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Айта кетейік, елордада Астана күніне орай 200-ден астам ауқымды іс-шара өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз