
«Алға Петербург» арнасының авторы, блогер Иван Червинский Қазақстан азаматтығын алды. Блогер өзінің Instagram парақшасында сүйінші сұрады.
«Сүйінші! Біз Қазақпыз! Алға Қазақстан!» – деп жазды ол.
Иван Червинский бүкіл Қазақстанды аралап, әдемі жерлерді түсіреді және еліміз бен оның тұрғындарының жетістіктері туралы айтады. Иван Қазақстаннан және оның тұрғындарынан шабыт алады.
2023 жылы ол Алматыға көшіп келіп, өзі мен оның командасы үшін басты мақсат – еліміз туралы әлемде мүмкіндігінше көбірек білгенін мойындады. Сонымен бірге, Иван ешқашан блогер немесе журналист болуды жоспарламаған, оның тағдырын Қазақстанмен Димаштың шығармашылығы байланыстырған.