Lifestyle

Гүлнұр Оразымбетова анасының тәпішкемен сабағанын айтты

Фото: Instagram/ gulnurorazymbetova
Фото: Instagram/ gulnurorazymbetova

Қазақстандық әнші Гүлнұр Оразымбетова неліктен әлі күнге дейін көлік жүргізе алмайтынын түсіндірді.

Оның айтуынша, ол жас кезінде велосипед тебуді қатты жақсы көрген. Бұл үшін талай мәрте жазаға тартылыпты. Тіпті, анасы тәпішкемен сабап тастаған көрінеді. Сондықтан, өскенде көлік жүргізуді үйренуге де жүрексініп қалған.

«Бала кезімде велосипед айдап, ауылдың көшесінің шаңын шығаратын едім. Кешке үйде ұлы ойбай… «Қыз бала велсебед тепкен не бәле, бұл!», «Үйіңді жинап, сыпырмайсың ба?», «Ойбай, ана қыз сораңдап, тағы да велсебедпен кетті ма?». Сөйткен, Гүлнұр великті де, машинаны да жүргізе алмайды қазір. Ұрыс өтіп кетті-ау деймін», – деп күле есіне алды әнші.

Жақында Гүлнұр Оразымбетова балалық күндерін әке-шешесімен бірге естеріне түсіріп, бір күліп алған. Анасы: «Ойбай, ұят тағы, неге тәпішкемен сонша ұрдым екен», – деп, бұл ісіне қатты өкініш білдірген.  

«Сіздерде осындай жағдайлар болды ма?» – деп күле сауал тастады әнші.  

Мұның алдында Гүлнұр Оразымбетова мен «автобустағы Клара апай» кездесіп, бірге ән орындаған еді.