Экономика

Қазақстанда мұнай өндіру маусым айында мамырмен салыстырғанда 2%-ға өсті

Мұнай өндірісі артты / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

2026 жылғы маусымда Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі мамыр айымен салыстырғанда 2%-ға артып, 8,59 млн тоннаға жетті. Бұл тәулігіне 2,16 млн баррель деген сөз. Мамырда бұл көрсеткіш тәулігіне 2,12 млн баррель болған. Бұл туралы Reuters жедел статистикамен таныс дереккөзіне сүйеніп хабарлады.

Өткен айда Теңіз кен орнында мұнай өндіру мамырмен салыстырғанда 3,7%-ға өсіп, 3,62 млн тоннаға жетті. Бұл тәулігіне 960,9 мың баррельге тең.

Қарашығанақта өндіріс 6%-ға артып, 976 мың тонна болды. Тәуліктік көрсеткіш – 255,8 мың баррель.

Ал Қашағанда маусым айындағы өндіріс мамырмен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеп, 1,514 млн тоннаға жетті. Бұл тәулігіне 400,1 мың баррель деген сөз.

Газ конденсатын есептемегендегі мұнай өндірісі маусымда тәулігіне 1,92 млн баррельге дейін өсті. Мамырда бұл көрсеткіш 1,88 млн баррель болған. Яғни өсім – 1,7%.

ОПЕК+ келісімі аясында Қазақстанның маусым айындағы мұнай өндіру квотасы тәулігіне 1,599 млн баррель болды. Шілдеде бұл квота тәулігіне 1,608 млн баррельге дейін ұлғаяды.

Қазақстан билігі бұған дейін Қашаған кен орнында маусым айына жоспарланған 30 күндік жөндеу жұмыстарын 2027 жылға ауыстырды. Бұл шешім Теңіздегі апат пен Каспий құбыр консорциумындағы шектеулерге байланысты жоғалуы мүмкін өндіріс көлемін өтеу үшін қабылданған.

Тағы да оқыңыз: Шілдеде Қазақстаннан Еуропаға жөнелтілетін мұнай көлемі қысқарады.