Lifestyle

Роналдиньо әнші Бүркітпен суретке түсіп, ұлының добына қолтаңбасын қалдырды

instagram.com/berkut_aibekjan, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
instagram.com/berkut_aibekjan, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қазақстандық әнші Айбек Жансейітов (Бүркіт) әйгілі бразилиялық футболшы Роналдиньомен кездескенін айтты.

Өнер иесі Instagram парақшасында ұлы Зейнмен жазысқан хат-хабарын жариялады. Онда ұлы әкесінен Роналдиньомен міндетті түрде суретке түсуді өтінген.

Бірнеше минуттан кейін Бүркіт ұлының тілегін орындағанын жазып, футбол аңызының өзімен бірге суретке түскенін және балалары Зейн мен Омарға арнап футбол добына қолтаңба қалдырғанын жеткізген.

Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушыларының жылы ықыласына бөленді. Көпшілік Роналдиньоны әлем футболының аңызы деп атап, әншінің балалары үшін жасаған сыйына сүйсінді.

Бүркіт  Шымкент қаласында ретро көлік сатып алмақ болғаны туралы хабарлаған едік.