Спорттан уақытша шеттетілген Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегіне дайындықты бастап кетті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: видеодан скрин

Қазақ кәсіпқой боксының жарық жұлдызы, орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы басынан өтіп жатқан допинг дауына және спорттан уақытша шеттетілгеніне қарамастан, үлкен рингке қайта оралу үшін белсенді дайындықты бастап кетті.

Боксшы Instagram парақшасында мәлімдеме жасап, спорттық мансабындағы жаңа белестерді бағындыруға дайын екенін айтты.

«Жаттығу қызу жүріп жатыр!»

Жәнібек Әлімханұлы қиындықтарға мойымай, өз бабын сақтау үшін спорт залында аянбай тер төгіп жүргенін жеткізді. Оның айтуынша, басына түскен сынақтар жеңіске деген құштарлығын одан сайын еселей түскен.

Боксшы өз жазбасында ерекше маңызды сәттерге тоқталып өтті:

«Жаттығу қызу жүріп жатыр! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен қолдау көрсетіп, ел сенім артып тұрған шақта біздің жеңіске деген құштарлығымыз еселене түседі. 1 емес 3 салмақта Әлем чемпионы болу жолында аянбай тер төгіп жатырмыз! Көк ту әрқашан биікте желбіресін», деп жазды Әлімханұлы.

«Qazaq Style» қазіргі дивизионымен шектеліп қалмай, болашақта үш түрлі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атануды мақсат етіп отыр. Бұған дейін, Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан оралатынын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз