Қуаты 4,5 балл: Жамбыл облысы аумағында жер сілкінді

4 шілдеде таңертең Астана уақытымен сағат 04:40-та Жамбыл облысы аумағында жер сілкінді. Табиғат апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Геофизикалық зерттеулер институты жанындағы Қазақ ұлттық мәліметтер орталығының шұғыл мәліметінше, жерасты дүмпуінің ошағы Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 63 шақырым жерде орналасқан. Сейсмологтар дүмпу магнитудасы 4,5 балл болғанын анықтады. Дүмпу 22 шақырым тереңдікте болды.
Тараз қаласының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезді. Дүмпу ошағынан батысқа қарай 413 шақырым жердегі Алматы қаласына дүмпу сезілген жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспегенін хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, 25 маусымда таңертең Латын Америкасындағы Венесуэлада екі жойқын зілзала болды. NASA жер сілкінісінен шамамен 58 870 ғимарат зардап шеккен немесе қираған болуы мүмкін екенін анықтады. Шетелден мыңдаған құтқарушы осы елге көмектесуге барды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жер сілкінісінен зардап шеккен елдің халқына көңіл айтты.