Астанадағы Бас мешіттің атауы өзгерді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Астанадағы Бас мешіттің атауы өзгерді / Фото: Shutterstock

Қазақстанның Бас республикалық мешітіне «Нұрсұлтан мешіті» есімі берілді, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Жаңа атау ресми қолданысқа енгізіледі.

«Бас республикалық мешіт – бұл тек елорданың ғана емес, бүкіл Қазақстан мұсылмандары қауымдастығының ортақ рухани мекені. Мешіт халық бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді ілгерілетуге, игілік пен мейірімділік құндылықтарын таратуға, сондай-ақ имандылық пен адамгершілікке негізделген ізгі бастамаларды қолдауға қызмет етеді. Жаңа атаумен Бас республикалық мешіт халықтың рухани өміріне қызмет етуді, қоғамдағы өзара құрмет пен ынтымақтастықты нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтауға және ізгі бастамаларды дамытуға үлес қосуды жалғастырады», – делінген хабарламада.

Бас республикалық мешіт – сыйымдылығы бойынша Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі мешіт. 2019-2022 жылдары салынған, 2022 жылдың 12 тамызында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған.

Сондай-ақ оқыңыз