7 шілдеге арналған ауа райы – дауылды ескерту жарияланды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
жара и дождь - ии
фото: ЖИ

Синоптиктер Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның барлық 17 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Елдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауылды жел болжанады. Кейбір өңірлерде желдің екпіні 25–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар, бірнеше облыста қатты аптап ыстық сақталады.

Маңғыстау облысында ауа температурасы +38…+41°C;

Түркістан облысында+40°C;

Қызылорда облысында+40…+41°C;

Ұлытау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қостанай, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде +35…+37°C ыстық күтіледі.

Астана мен Алматыда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Алматыда желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Сондай-ақ көптеген өңірде өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі сақталады. Бұл әсіресе Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Алматы, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Жетісу облыстарына қатысты.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанға 41 градусқа дейінгі аптап ыстық қайта оралатынын ескерткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз