2026-2027 жылдары елімізде жеті әлем чемпионаты өтеді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Елімізде жеті әлем чемпионаты өтеді / Фото: Оlympic.kz

2026-2027 жылдары елімізде жеті әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінен хабарлады.

Биыл елімізде күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Ал 2027 жылы үстел теннисі, дзюдо, бокс, таеквондо, сондай-ақ киберспорт пен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттары ұйымдастырылмақ.

2027 жылы болатын әлем біріншіліктерінің барлығы Астанада өтеді. Атап айтқанда, шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 28-31 қаңтар аралығында, бокстан әлем чемпионаты 10-26 сәуірде, үстел теннисінен әлем чемпионаты 22-30 мамырда, дзюдодан әлем чемпионаты 1-14 маусымда, ал таеквондодан әлем чемпионаты 7-13 шілде күндері өтеді. Киберспорттан әлем чемпионатының нақты мерзімі кейінірек жарияланады.

2026-2027 жылдары Қазақстанда өтетін әлем чемпионаты

2026 ЖЫЛ
24 қазан – 1 қараша
Күрес
| Әлем чемпионаты
2027 ЖЫЛ
28 – 31 қаңтар
Шорт-трек
| Әлем чемпионаты (жасөспірімдер)
10 – 26 сәуір
Бокс
| Әлем чемпионаты
22 – 30 мамыр
Үстел теннисі
| Әлем чемпионаты
1 – 14 маусым
Дзюдо
| Әлем чемпионаты
7 – 13 шілде
Таеквондо
| Әлем чемпионаты
Нақты мерзімі:
Киберспорт
кейінірек жарияланады

«Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміз екі жыл ішінде жеті әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды. Бұл – Қазақстанның спорт инфрақұрылымы мен ұйымдастырушы әлеуетінің жоғары деңгейде екенін айғақтайтын маңызды жетістік. Сонымен қатар бұл әлемдік спорт қауымдастығы алдындағы зор жауапкершілікті де білдіреді», – деп мәлімдейді министрлік.

Еске салайық, күрестен әлем чемпионаты 2026 жылдың 24 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Астанада  «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз