
Голливуд актрисасы Кира Найтлидің кітабы қазақ тіліне аударылды. Туындыны East publishing баспасы шығарған.
Кира Найтли – қазір екі қыздың анасы. 2025 жылы ол I Love You Just the Same атты кітабын шығарған. Кітапта отбасына жаңа сәби келгендегі өзгерістерді бастан кешкен тұңғыш баланың өмірі, оның эмоциясы жайлы сөз қозғайды. Баланың бойында пайда болатын түрлі сезімдері, оның қызғанышы туралы да жазады.
Кітап авторы, иллюстраторы да – Кира Найтли. Оның еңбегі 2025 жылдың тамызында АҚШ-та және Британияда басып шығарылды.
I Love You Just the Same енді осы жылы шілдеде «Сені жақсы көремін баяғыдай» деген атаумен қазақ тілінде аударылды. Аударған – журналист, аудармашы Аян Қалмұрат.
«Ата-аналар бұл кітапты оқығанда толқиды, ал балалар шытырман ертегі тыңдағандай болады», – деп жазады ол.
Кітап тұсаукесері 8 шілдеде Астанада өтеді.
Кира Найтли – британдық актриса, екі рет «Оскар» және BAFTA сыйлығына ұсынылған. «Кариб теңізінің қарақшылары» франшизасы, Анна Каренина фильмдері арқылы ерекше танымал болды.
Тағы да оқыңыз: Елде қай өңірдің тұрғындары кітапты көп оқиды