«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолындағы қозғалыс уақытша шектеледі

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
unsplash, бильд-редактор: Милош Муратовский
unsplash, бильд-редактор: Милош Муратовский

Алматы облысында республикалық маңызы бар «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолында жөндеу жұмыстары жүреді.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының» хабарлауынша, 1121-1186 шақырым және 1194-1209 шақырым аралығындағы учаскелерде жол жұмыстары басталады. Сондықтан 8 шілдеден бастап аталған автожол учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі.

«Осыған байланысты 2026 жылғы 8-18 шілде аралығында Ақсай – Жібек жолы учаскесінде, 1177-1186 шақырым аралығында күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Жөндеу жұмыстары кезеңінде қозғалыс айналма бағыт арқылы ұйымдастырылады», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар 2026 жылғы 8 шілдеден бастап Күрті – Шабыт учаскесінде, 1121–1177 шақырым аралығында көлік қозғалысы ашылады. Компания жүргізушілерден сапарды алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрап отыр.

Айта кететін жайт, Астанада Қорғалжың тасжолындағы қозғалыс 20 күнге шектеледі.

Сондай-ақ оқыңыз