Lifestyle

Боксшы Мұхит Амантаев балағат сөздері үшін сотқа тартылады

Боксшы Мұхит Амантаев балағат сөздері үшін сотқа тартылады / Фото: instagram.com/mukhit_official

Бокстан қазақстандық бапкер Мұхит Амантаев сахнадан балағат сөздер айтқан видеосы желіде тарап кеткеннен кейін жанжал астында қалды.

Видеодан спортшының қарсыласына қоқан-лоқы көрсеткенін естуге болады.

«Ол нағыз поцтың кім екенін білетін болады», — деп мәлімдеді Амантаев. Видеодағы қалған сөздердің бәрі балағат сөздер болып шықты.

Астана қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары жаза туралы шешім қабылдайтын сотқа жолданды.

«Айналадағыларға құрметсіздік танытатын және қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген әрекет заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғады», – деп еске салды елордалық полиция.

Спортшының өзі де болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Заң алдында бәрі тең. Әркім өз әрекеті үшін жауап беруі керек», – деп жазды Амантаев әлеуметтік желіде.

39 жастағы Амантаев – Тараз қаласының тумасы, бокс бапкері, жол полициясының бұрынғы қызметкері және полицейлер арасындағы әлем чемпионы. Соңғы жылдары ол әлеуметтік желілердегі жазбалары арқылы кеңінен танымал болды.

4 шілде күні Алматыда өткен IBA Nomad 15 турнирінде Мұхит Амантаев «Мотиватор» деген лақап атпен танымал Әнуарбек Бекембетовтен техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.