
KASE-дегі валюта саудасында теңге тағы да нығайды. Өткен жұмада доллар саудасын 473,15 теңгемен жапқан еді. Ал сағат 15:05-тегі жағдай бойынша, KASE-дегі валюта нарығында доллар 469,75 теңгеден саудаланып жатыр.
Алматыдағы айырбас орындарында да осы үрдіс байқалады. Қаладағы ақша айырбастау пункттері долларды 471-472 теңге аралығында қабылдап жатыр. Ал сату бағасы 473-475 теңге шамасында.
Дегенмен Қазақстандағы валюта нарығының өзіндік ерекшелігі бар. Экономист Ғалым Құсайыновтың айтуынша, елдегі доллар бағамына қатысушылардың болжамы емес, нарыққа нақты қанша валюта түсіп жатқаны көбірек әсер етеді. Яғни доллар ұсынысы артқан сайын теңге де нығая түседі.
Сарапшының пікірінше, теңгенің қазіргі күшеюі нарыққа доллардың көптеп түсуімен байланысты болуы мүмкін. Бұған, мысалы, квазимемлекеттік компаниялар мен екінші деңгейлі банктердің сырттан қарыз тартып, сол қаражатты ішкі нарықта сату ықтималдығы әсеп етпек.
Тағы да оқыңыз: Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады.