Килиан Мбаппе дауға қалды: парагвайлық сенатор әйел оны сотқа бермек

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Reuters/Vincent Carchietta, бильд-редактор: Дастан Шанай
Reuters/Vincent Carchietta, бильд-редактор: Дастан Шанай

Парагвай сенаторы Селеста Амарилья Франция құрамасының жұлдызы – шабуылшы Килиан Мбаппені сотқа беретінін мәлімдеді.

Championat ақпаратына қарағанда, француздың менмендігі мен тәкаппарлығы матчқа дейін-ақ парагвайлық саясаткердің ашуын келтіріпті.

«Қажет болса, қолымызды былыққа тығамыз» дедің. Біз ақымақ емеспіз. Бұл сөзбен Парагвай құрамасы мен жалпы парагвайлықтарды меңзегеніңді жақсы түсіндік. Кейін «олардың бояуын кетіреміз» дедің. Мұны да біз өздеріңді сәнді, ал бізді кедей әрі дөрекі адамдар ретінде көрсеткің келгені деп қабылдадық. Мұны бүкіл Парагвай солай түсінді, мен де солай қабылдадым», – деп жазды сенатор X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Селеста Амарильяның сөзіне қарағанда, Килиан Мбаппенің матч кезінде де тәкаппарлығы анық байқалған. Әрбір ойыншыға жиіркене қараған көрінеді.

«Ал аузыңды жаппай тұрып айтқан «La concha de tu madre» («Шешеңді…») деген сөзің Латын Америкасында өте ауыр қорлау болып саналады. Мұны өзің де жақсы білесің. Сондықтан сөздеріңнен бас тартып, Франция азаматы ретінде құрмет көрсетіп, кешірім сұра. Әйтпеген жағдайда гендерлік зорлық фактісі бойынша сотқа жүгінуім мүмкін», – деп жазды сенатор.

Еске салайық, бұған дейін Селеста Амарилья 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Франция – Парагвай матчынан кейін Мбаппенің парагвайлық қақпашы Орландо Хильдің қолын алмағанын сынға алып, айыптаған еді.

Парагвай – Франция құрамалары арасындағы ойында Килиан Мбаппе 70-минутта пенальтиден гол соқты. Жетінші голының арқасында әлем чемпионатында соғылған доптар саны бойынша аргентиналық Лионель Мессимен теңесті.

Сондай-ақ оқыңыз