Lifestyle

Ләйлә Сұлтанқызы Неслихан Атагюльді кездестірді

коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Шетелде демалысы кезінде тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы түрік сериалдарының жұлдызы Неслихан Атагюльді жолықтырған.

Десе де, айтуынша, сүйікті актрисасымен сөйлесуге қысылып, аңырап қалыпты.

«Айтсам, сенбейсіздер. Осы жаңа ғана «Лотос» мейрамханасынан шығып келе жатсам, алдымнан кім шықты білесіздер ме? Неслихан Атагюль күйеуімен, баласымен және әке-шешесімен бірге бес-алты адам болып, кіріп келе жатыр», – деді ол.

Әлемге әйгілі түрік актрисасын көремін деп ойламаған Ләйлә Сұлтанқызы не істерін білмей қалған.

«Өзім туралы айтқым келді. «Нұрлан Қоянбаевты жақсы танисыздар» деп айтқым келді. Бірақ ыңғайсызданып қалдым. Бірақ жеке шекарасын сыйлап, демалыста жүрген адамдарды мазалауға болмайтынын ескеріп, ештеңе демедім», – дейді тележурналист.

Бірақ Ләйлә Сұлтанқызы келесі жолы алдынан шықса, не істеуі керек екені жайында ойланған. Түріктің танымал актрисасымен тілдескісі келсе де, тоқтатып алып, сөйлесуге жүрегі дауаламайтынын жеткізді.   

Ләйлә Сұлтанқызы бизнес өкілдерін қазақ тілінде қызмет көрсетуге шақырған еді.