Қандыағаштағы улану: барлық пациент емделіп шықты

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласындағы «Тұмар» мейрамханасында уланған барлық 102 пациент медициналық мекемелерден шығарылды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлауынша, Қандыағаш пен Ақтөбеде ем қабылдаған барлық пациент үйлеріне оралды. Бұл ретте полиция тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.
«Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Тергеу жалғасуда», – деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
22 маусымда «Тұмар» мейрамханасына барған азаматтар арасында ішек инфекциясы тарағанын жазған едік. Бастапқыда астан уланып қалғандардың саны 113 болған. Науқастардың саны 188 адамға жеткен.
Жаппай тамақтан улану фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 304-бабы – «Санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.