Lifestyle

«Құдай бұйыртса»: Динара Сәтжан бала сүйгісі келетінін айтты

Фото: instagram

Танымал журналист, тележүргізуші Динара Жанықұл (Сәтжан) психолог Шолпан Есмағанбетоваға берген сұхбатында жеке өмірі мен болашақ жоспарлары туралы айтты. Әңгіме барысында жолдасы Жұмабек Жанықұловпен қарым-қатынасы және ортақ перзент сүю мәселесіне тоқталып өтті.

«Ортақ балаларыңыз бола ма» деген сұраққа Динара Жанықұл «Құдай бұйыртса, иә, болады деп ойлаймын», – деп жауап берді. Ол өзінің сүйікті адамынан бала сүйгісі келетінін жасырмады.

Динараның айтуынша, бұл шешімнің артында ешқандай «ер адамды байлап ұстау» немесе бұрынғы жарынан өш алу деген сияқты арам ойлар жоқ. Ол Жұмабек Жанықұловты өз балаларына жауапкершілікпен қарайтын, қамқор әке ретінде сипаттады.

«Ол өз балалары үшін жауапкершілікті мойнына алады. Тіпті бұрынғы жарымен ажырасқан күннің өзінде де, отбасын далада қалдырған жоқ, оларға үнемі қолдау көрсетіп отырады», – деп қосты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жұмабек Жанықұловтың экс-әйелі, бес баланың анасы Жанна Жанықұлова бұрынғы күйеуі алимент төлемеу үшін табысын жасырып отырғанын айтқан еді.