Ресей қор нарығы 2022 жылдан бергі ең төмен деңгейге түсті

Жарияланды 7 Шілде 2026 16:54

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
MOEX индексі құлдырады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Ресей қор нарығының негізгі индикаторларының бірі саналатын Мосбиржа индексі сейсенбі күні таңертең 2130 пунктен төмен түсті. Бұл – 2022 жылдың желтоқсан айының соңынан бергі ең төменгі деңгей.

Индекстің құлдырауына Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты геосаяси ахуалдың шиеленісуі әсер еткен. Бұған қоса, нарық Ресей Орталық банкі инфляцияның өсуіне байланысты ақша-несие саясатын жұмсартуды уақытша тоқтатуы мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Мосбиржа индексі / фото: TradingView

Сағат 11:05-тегі жағдай бойынша Мосбиржа индексі 2127,18 пунктке дейін төмендеді. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,1%-ға аз. РТС индексі де 3,1%-ға құлдырап, 859,43 пункт болды.

Индекске кіретін компаниялар арасында ең көп арзандаған акциялар – «ИКС 5» қағаздары.

Тағы да оқыңыз: Украина Ресейдегі ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі – Омбы мұнай өңдеу зауытына соққы жасалғанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз