Шкафтың ішіне тығылған: Оралда 88 млн теңге ұрлаған ер адам ұсталды
Жарияланды

Оралда 2025 жылдың ақпан айынан бері халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті 88 млн теңгеден астам қайырымдылық қаражатын жымқырған.
«Ол ақшаны алдау және сенімге кіру жолымен иемденген», – деп мәлімдеді полиция.
Ұстау барысында ер адам полицейлерден бой тасаламақ болып, шкафтың ішіне тығылған. Ол табылып, қолға түсті.
Күдікті Орал қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Осыған дейін Шымкентте ондаған үйден 20 млн теңгенің алтынын ұрлаған бір топ азамат ұсталған болатын.