Ұшақтарда енді интернет қосылуы мүмкін

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінде ұшақтарда интернетті іске қосу мәселесі талқыланды.

Министрліктің ақпаратынша, Телекоммуникациялар комитеті Air Astana және Viasat компанияларының өкілдерімен әуе кемелерінің бортында спутниктік интернетті енгізу мәселелеріне арналған кездесу өткізген.

«Кездесу барысында тараптар жолаушыларды ұшу кезінде жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жобасын іске асыру перспективаларын талқылап, сондай-ақ әуе кемелерін спутниктік байланыс жүйелеріне қосуға қатысты құқықтық, техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерді қарастырды», – делінген ақпаратта.

Кездесу барысында негізгі назар нормативтік-құқықтық реттеу мәселелеріне, әуе кемелерінің бортында байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі халықаралық тәжірибеге және жобаны іске асыру бойынша алдағы қадамдарды үйлестіруге аударылды.

Air Astana әуе кемелерінде аталған технологияны пилоттық режимде сынақтан өткізу ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына жоспарланып отыр.

Айта кететін жайт, Астана-Семей пойыз жолына Starlink интернеті қосылды.

Сондай-ақ оқыңыз