Жетісуда жасөспірім қыздың интимді фотоларын таратқан күдікті ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай
shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Жетісу облысында кәмелет жасына толмаған қыздың интимді суреттерін таратқан күдікті ұсталды.

Polisia.kz ақпаратына қарағанда, Жетісу облысының полицейлері ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп және «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының қолдауымен аталған қылмыстың бетін ашты.

Оқиғаның мән-жайы

Күдікті – Алакөл ауданының 22 жастағы тұрғыны. TikTok желісінде қызбен танысып, сеніміне кірген. Кейін психологиялық қысым көрсетіп, қорқытып және 20 мың теңге уәде етіп, интимдік фото-видеоларын қолға түсірген. Мақсаты материалдарды мессенджерлердегі жабық арналар арқылы сатып, пайда табу болған.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Полиция ескертуі

Полиция ата-аналарға мұндай жағдайда балаларын қорғаудың жолын көрсетті. Ең алдымен, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін жіті қадағалап, бейтаныс адамдарға жеке фото-видеоларды жіберуге болмайтынын үнемі түсіндіру керек. Сосын, интернетте бопсалау, қорқыту немесе жеке деректерді заңсыз тарату жағдайларына тап болған адам дереу полицияға хабарласуға тиіс.

Айта кететін жайт, Ақтау тұрғыны бұрынғы сүйіктісінің интимді суреттерін таратқаны үшін жазаға тартылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз