Әлем чемпионаты – 2026: Ширек финал ойындары қашан басталады
Жарияланды

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионаты өзінің ең қызықты кезеңіне аяқ басты. Плей-офф сатысының алғашқы айналымдары аяқталып, үздік сегіздік анықталды. Енді жанкүйерлерді жартылай финал жолдамасы сарапқа салынатын тартысты ширек финал матчтары күтіп тұр.
Назарларыңызға ширек финал ойындарының кестесін ұсынамыз:
10 шілде, 01:00 – Франция – Марокко
11 шілде, 00:00 – Испания – Бельгия
12 шілде, 02:00 – Норвегия – Англия
12 шілде, 06:00 – Аргентина – Швейцария
Ширек финал кезеңінің шымылдығын Франция мен Марокко құрамалары ашады. Ал бұған дейін Египетпен болған даулы матчта жеңісті жұлып алған Аргентина құрамасы ширек финалдағы ойынын 12 шілде күні таңғы уақытта Швейцарияға қарсы өткізбек.