Алматы жастары идея ұсынып, оны жүзеге асыруға 5 млн теңге ала алады

Алматы қаласында «Жастар қатысатын бюджет» жобасына өтініш қабылдау басталды. Сол арқылы 18 бен 35 жас аралығындағы алматылықтар идеясы ұсынып, оны жүзеге асыруға 5 млн теңгеге дейін қаражат ала алады.
6 шілдеде ашылған жобаға қазірдің өзінде үш жоба түсіп үлгерген. Өтініш қабылдау 2 тамызға дейін қалғасады. Ал 7 тамызда оларға дауыс беру басталады. Жобаны жүзеге асыруға үш ай уақыт берілген.
Өтінішті jasalmaty.kz сайтына жолдауға болады.
Мақсат – алматылық жастарға идея ұсынып қана қоймай, оларды өз күшімен жүзеге асыруға мүмкіндік беру.
Байқауға қаланы көріктендіру, инфрақұрылымды дамыту, экология, мәдениет, спорт, білім беру, цифрлық технология, жастар кәсіпкерлігі, туризм, медиа, инклюзия, психологиялық денсаулық және өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша бастамалар қабылданады.
Бағдарламаның жалпы бюджеті – 90 млн теңге.