Енді жүргізушілердің камера жоқ жердегі жылдамдығы да бақыланады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Алматы Караганда, платная дорога алматы караганда, платная трасса в Казахстане, трасса балхаш, трасса талдыкорган, проезд по платным дорогам казахстан
Орташа жылдамдық бақыланатын учаскелер көбейді/фото: shutterstock

10 шілдеден бастап елдегі төрт ақылы автожолда орташа жылдамдық бақыланады. Бұл жол апатын азайтып, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттырады, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».

Орташа жылдамдық бақыланатын учаскелер:

  • Ақтөбе – Қандыағаш;
  • Алматы – Қорғас;
  • Көкшетау – Петропавл;
  • Астана – Теміртау, Аршалы – Ошағанды учаскесі.

«Жүйені енгізудегі басты мақсат – жолдағы қауіпті әрекеттердің алдын алу. Орташа жылдамдықты бақылау жүргізушінің жолдағы қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді», – делінген ақпаратта.

Яғни жүйе көліктің белгілі бір аралықты қандай жылдамдықпен жүріп өткенін есептейді. Бұл тәсіл жүргізушінің тек камераның алдында ғана жылдамдықты азайтып, кейін жылдамдықты асыруына жол бермейді.

Айта кетейік, алдымен көлік көп жүретін ақылы учаскелерге назар аударылады. Бұған дейін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Тараз – Шымкент ақылы автожол учаскесінде көліктердің орташа жылдамдығын бақылау жүйесі жұмысын бастады.

Ал ақылы жолдар қатарына республикалық маңызы бар «Астана – Қарағанды (айналып өтетін жол) – Алматы» автожолының Бурылбайталдан Күртіге дейінгі учаскесі қосылды.

Сондай-ақ оқыңыз