Маңғыстауда теміржол станциясының қызметкері жұмыс орнында қайтыс болды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
ҚТЖ
Маңғыстауда теміржол станциясының қызметкері жұмыс орнында қайтыс болды / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Маңғыстауда теміржол станциясының қызметкері жұмыс орнында көз жұмды. Бұл ақпаратты «Қазақстан темір жолы» магистральдық желі дирекциясының баспасөз қызметі растады.

Бақытсыз жағдай 5 шілде күні таңертең Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде болған. №13 айрық станциясының бастығы 1983 жылы туған кезекшінің жансыз денесін тапқан. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері шақырылды. Медицина қызметкерлері өлім фактісін тіркеді.

Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Теміржол ұйымы қызметкерінің кенеттен қайтыс болу фактісі бойынша Маңғыстау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Өлімнің алдын ала себебі – созылмалы жүрек ауруы», – делінген хабарламада.

Істі тергеу барысына қатысты басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Есіл – Арқалық учаскесіндегі теміржол өткелінде пойыз бен трактор соқтығысып, тракторшы қаза тапқанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз