Өскеменде қатты желден құлаған ағаштар қала көшелерін басып қалды
Жарияланды

Өскеменде қолайсыз ауа райы салдарынан бірнеше ауданда ағаштар құлап, жол қозғалысына кедергі келтірді.
YK-news.kz ақпаратынша, Бажов көшесінде үлкен ағаш жолға құлап, бір жеңіл көлікті басып қалған. Соның салдарынан жол уақытша жабылып, электр сымдары да үзілген.
Бұған дейін Сәтбаев даңғылында ағаштың ірі бұтақтары тротуарға құлаған. Тіпті, кейбірі тамырымен қопарылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Айта кететін жайт, Өскеменде қайындарды отаған мекемеге миллион теңге айыппұл салынған болатын.