Қазақстанда жылыну қарқыны әлемдік орташа көрсеткіштерден жоғары – Қазгидромет

Қазақстанда күннің жылыну қарқыны әлемдік орташа көрсеткіштерден жоғары, деп хабарлады «Қазгидромет».
Климаттың өзгеруі 30 жылдық бақылаулар негізінде бағаланады. Синоптиктер мұндай тәсіл ұзақ мерзімді климаттық үрдістерді анықтауға және оларды табиғи жылсаналық құбылмалылықтан ажыратуға мүмкіндік беретінін атап өтеді.
«Қазақстан аумағында ауа температурасының көтерілуінің тұрақты үрдісі байқалады. 1976 жылдан бастап орташа жылдық ауа температурасы әр 10 жыл сайын шамамен 0,4 градусқа артып келеді, бұл Қазақстандағы жылыну қарқынының әлемдік орташа көрсеткіштерден жоғары екенін көрсетеді. Температураның ең қарқынды өсуі көктемгі кезеңде байқалады, бұл уақытта жылыну қарқыны онжылдықта шамамен 0,7 градусты құрайды, ал кейбір аймақтарда 0,9 градусқа дейін жетеді», – делінген хабарламада.
«Қазгидромет» соңғы жылдардың жылыну үрдісін растап отырғанын атап өтті. 2025 жыл Қазақстандағы аспаптық метеорологиялық бақылаулардың барлық кезеңіндегі ең жылы жыл болды.
Ауаның орташа жылдық температурасының климаттық нормаға қатысты ауытқуы шамамен +2,9 градусты құрады. Сонымен қатар, бақылау тарихындағы елдегі ең жылы он жылдың тоғызы XXI ғасырға сәйкес келді.
Бұған дейін «Қазгидромет» шілде айында Қазақстанда аптап ыстық кезеңдері нөсер жаңбыр, найзағай, екпінді жел және шаңды дауылдармен алмасатынын хабарлаған еді.